banner1
banner2
banner3

ҰБТ

ҰБТ – 2018

       Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 16 қарашада шыққан № 660 бұйрығына сәйкес мектеп бітіруші түлектер 2 кезеңде сынақ тапсырады.

  1. 1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.

Мектеп бітіруші түлектер 4 міндетті пән + 1 пән таңдауы бойынша тапсырады.

 

Пәндер Емтихан нысаны
Ана тілі және әдебиет (оқыту тілі) Жазбаша емтихан – эссе (3 сағат)
Қазақстан тарихы Ауызша емтихан (билет)
Алгебра және анализ бастамалары Жазбаша емтихан (5 сағат)
Қазақ  тілінде оқытатын мектептер үшін Орыс тілі, ал орыс тілінде оқытатын мектептер үшін Қазақ тілі

Тестілеу

Таңдау пәні Тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика)

 

Ескерту: Мектепті аяқтаған түлек ҰБТ қатыспай Қазақстан Республикасының кез-келген орта арнаулы оқу орындарына қалауынша құжат тапсырып, белгіленген тәртіпке сәйкес емтихан тапсыру арқылы түсе алады. ЖОО барамын деуші түлектер міндетті түрде ҰБТ тапсырады.

  1. 2. ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны. 2017-2018 оқу жылында ҰБТ тапсыруда өзгеріс жоқ. 120 сұрақ.  3 негізгі пән, 2 таңдау пәні. ҰБТ өткізу мерзімі- ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 1 шілде аралығы.
  2. Блок Пән Сұрақ саны Тапсырма нысаны Бағалау нысаны
    І блок Математикалық сауаттылық 20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты белгілеу Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға арналған тест

    Оқу сауаттылығы

    20

    (4 мәтін)

    Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты белгілеу Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына ой жүгірту, талдау жасау, салыстыру
    Қазақстан тарихы 20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты белгілеу Оқу бағдарламасының талабына сәйкес пәндік білімі, икемділігі, дағдысы
    ІІ блок Бейінді пәндер ( мамандыққа сәйкес І таңдау пәні) 20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты белгілеу Пән бойынша тереңдетілген білімі (ілгерілген деңгейді меңгеру), икемділігі мен кең ауқымды дағдысы
    10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалар
    Бейінді пәндер ( мамандыққа сәйкес ІІ таңдау пәні) 20 Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты белгілеу Пән бойынша тереңдетілген білімі (ілгерілген деңгейді меңгеру), икемділігі мен кең ауқымды дағдысы
    10 Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалар
      жалпы 120      

 

Тапсырмалар саны: 120. Максималды балл саны: 140. Шектік деңгей: 140-тан 50.  Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларын бағалау тәртібі: - дұрыс жауаптарын толық таңдау - 2 балл; - 1 қате (1 дұрыс жауап табылмады немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалды) – 1 балл;

 

Дерек : 2016 -2017 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 273 мектеп бітіруші түлектің 189-ы (69,2%)қатысып, ауданның орташа ұпайы 85,9 – ды құрады.  Ауданымыз облыс  рейтингісі бойынша аудандар арасында 6-орында.  Бірақ, дегенмен  түлектердің мемлекеттік тапсырыспен жоғары оқу орындарына түсуі бойынша 95 түлек оқуға түсіп, біздің аудан облыс аудандары арасында І- орынға шықты. Сонымен бірге, 3-уі жоғары әскери оқу орындарының, 2 түлек «Шабыт» өнер академиясының,1 түлек «Тұран» университеті ректорының, 1 түлек Ресейдің Томск Университетінің грантын иеленді.  6 түлекке аудан әкімінің гранты берілді.

 

2017 – 2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің саны – 251 оқушыны құрайды. Бүгінгі күні 192 оқушы немесе 76 % ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. 10 оқушы «Алтын белгі» төс белгісіне , 9 оқушы «Үздік аттестат» иегеріне үміткер. ҰБТ дайындық жұмысы оқу жылы басынан басталып жүргізіліп келеді. Қысқы және көктемгі каникул кезінде аудан әкімінің қолдауымен ҰБТ қатысатын түлектерге тегін Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің мұғалімдерін шақырту арқылы дайындық жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі ҰБТ аудандық көрсеткіш 84,5 ұпай. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

 

Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары А.Мүбәрак

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"