banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Халықаралық фестиваль жеңімпазы

    Семей қаласында желтоқсан айында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Тәуелсіздік тірегім» атты оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы Халықаралық фестивалінде Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің ақындар сыныбының оқушысы Раушан Амангелдіқызы (ұстазы: Жеңісбек Пәзіл) Тәуелсіздікке арнап өзі шығарған «Азаттығым» өлеңін мәнерлеп оқып, Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтетін өнер фестиваліне жолдама жеңіп алды.

   2018 жылғы наурыз айының 2-сі мен 8-і аралығында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық әлем орталығының Біріккен Араб Әмірлігі, Дубай қаласы халықаралық гимназиясында өткен «DUBAI - World of Peace - 2018» халықаралық Достық форумының өнер фестивалінде Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Раушан Амангелді Тәуелсіздікке арнап өзі шығарған «Азаттығым» өлеңін қазақ және ағылшын тілінде мәнерлеп оқып, сахнада өзін еркін ұстап, бойындағы ақындық талантымен қазылардан жоғары бағаланып бас жүлдені жеңіп алды. Байқауға барлығы 30 үміткер қатысты. Осы үміткерлерден дараланып шыққан Раушанға шығармашылық табыс тілейміз.

 

1

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"