Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Жаңалықтар
«Жазғы мектеп» атқарылып жатқан жұмыстар барысы
- Толығырақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «26»мамырдағы № 240 бұйрығына қосымша жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымға сүйене отырып, «Жазғы мектеп» 26 мамыр - 17 мауысым аралығында барлық ниет білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында ұйымдастырылды. Жазғы мектепті оқыту: 1-8, 10 сынып білім алушылары қамтылды. Жалпы 2890 оқушы жазғы мектепте білім алуда. 219 мұғалім жазғы мектепте жұмыс атқаруда. Бастауыш сыныптар бойынша математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, ана тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндері, 5-8 сыныптар үшін математика, алгебра, геометрия, физика, химия, жаратылыстану, биология, ағылшын тілі, орыс тілі, тарих пәндері жүргізілуде. 10 сынып оқушылары мен ата-аналарының өтініші бойынша ҰБТ және қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды.
Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында инновациялық-әдістемелік қызметі жүзеге асыру жолдары.
- Толығырақ
Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен технологиялық жағынан модернизациялау» тақырыбын басшылыққа алып жұмыс жасайды. Баянауыл ауданы бойынша әдістемелік кабинетте 9 әдіскер жұмыс атқарады.Әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева.
Әдістемелік кабинеттің басты мақсаты:педагогикалық ұжымдардың кәсіби құзырлығын көтеру және білім мекеме басшыларының, орынбасарларының білім теориясын дамыта отырып тәжірибемен ұштастыру.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарттарын меңгеру және енгізу үшін білім беру ұйымдарына қолдау көрсету, оқу-тәрбиелік үдерісін басқару және ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық, оқыту-әдістемелік, білім беру талаптарын қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асырамыз.
«Баянауыл дарыны-2022» марапаттау рәсімі.
- Толығырақ
Қаныш Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайында дарынды балалардымарапаттау рәсімі өтті. Баянауыл ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылында Халықаралық және Республикалық сайыстардың 23 жеңімпазы марапат төрінен орын алды. Кездесуге аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожинов пен аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауданымыздың Құрметті азаматтары, дүниежүзілік ХІХ жазғы Гимназиада жеңімпазы Диханның ата-анасы қатысты.
2021-2022 оқу жылы Баянауыл ауданының оқушылары Халықаралық және Республикалық сайыстарда жалпы аудан бойынша көптеген сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Бұл Баянауыл үшін зор мақтаныш пен үлкен қуаныш!
Марапаттау рәсіміне ауданымыздың әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожинов қатысты. Марапаттау рәсімінің алғашқы шымылдығын 30 мамыр күні Нұрсұлтан қаласында өткен Дүниежүзілік ХІХ жазғы Гимназиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтың салтанатты марапаттау рәсімінде қатысып келген Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Дихан Шайқыбеков болды. Дихан Бүкіл әлемдік жазғы гимназиадада Республика намысын қорғап бокстан ІІ орын иегері атанып, Павлодар облысы Ертіс-Баян өнірінің атын асқақтатты.«Жүйріктен жүйрік шығар жарысқанда» дегендей, осындай шәкіртті халықаралық додаға дайындаған бапкері Әзімбек Несіпбекұлы Әбжанов.
ROBOPOLIS -2022
- Толығырақ
Жуырда 21 мамырда Павлодар қаласында мектепке дейінгі, мектеп оқушыларының арасында Евразия Университетімен робототехника федерациясын дамыту «ROBOPOLIS -2022» чемпионаты өтті. Чемпионатта Павлодар облысында 200- ден астам талапты да талантты оқушылар өз командаларының жеңісі үшін сынға түсті.
14-18 жас аралығында өткен СУМО категориясы бойынша қатысқан
9-сынып оқушысы Марат Райымбек пен 8-сынып оқушысы Баян Қасиет І орынды иеленсе, 11- сынып оқушысы Тұранәлі Лаура мен 10-сынып оқушысы Махмутов Ерхан жүлделі ІІ орынды қанжығаға байлады.
10-14 жас аралығында өткен осы категория бойынша қатысқан 6-сынып оқушысы Казтаев Қазбек пен 5-сынып оқушысы Назымхан Ернар І орын алып жеңімпаз атанды.
Бұл командалық жарыс болғаннан кейін топтағы 11-сынып оқушысы Тұранәлі Лаура «оза шауып, бәйге алды». Жарыстың соңғы кезеңінде топ жарған Лаурамыз Павлодар инновациялық Еуразиялық университетінің AITI саласы бойынша грант иегері атанды. Жетекшісі Аюпов Аскар Хамзаұлы.
Аудандық домбырашылар ансамбілінің байқауы өтті
- Толығырақ
2022 жылғы 15 мамыр күні Майқайың балалар өнер мектебінің базасында Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында аудандық домбырашылар ансамбль байқауы өтті.
Бұл байқау ауданымыздағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі домбыра сыныбының оқушылары арасында болды. Бүгінгі байқауға Қ.Кемеңгеров, Қ.Сәтбаев, Үшқұлын, Шадыра, М.Әуезов, Ш.Айманов, Ш.Шөкин, М.Ж.Көпеев, № 2 Майқайың орта мектептері қатысты Домбырашылар ансамбльдер байқауында қазылар алқасының төрағасы болып күй өнерін аса қадірлейтін, ардагер ұстаз, күйші Нұрғали Рахымғали Ниязбекұлы, комиссия мүшелері Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Олжатай Мереке Жұматайұлы және Майқайың балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Серік Құштар төрелік жасады.
Домбырашылар ансамбль байқауына қатысушылар жастық санаттары бойынша: кіші (7-10 жас) және үлкен (11-15 жас) топқа бөлініп бәсекеге түсті.
Байқау қорытындысы бойынша кіші топтан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының домбырашылары I орынды, ал үлкен топтан М.Әуезов атындағы орта мектебінің домбырашылары I орынды жеңіп алды.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
- Толығырақ
2022 жылғы 22 сәуір күні Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.
Семинардың мақсаты: оқыту тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде саралау, бақылау, кері байланысты тиімді жүзеге асыруда пән мұғалімдерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру.
Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы аймақтық мектептерден пәндерден сабақ беретін 42 мұғалім және білім беру бөлімінің әдіскерлері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова, Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова, Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина, Мәншүк Тынысқызы Шумақова семинарға қатысты.