Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Жаңалықтар
«Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтті.
- Толығырақ
Баянауыл ауданына қарасты жалпы орта,негізгі білім беру мектептерде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны арналған іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес аталып өтті.
Науқанның мақсаты-қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»ұранымен өткізілді.
Аудан бойынша аталған іс-шараларға мектеп жанындағы лагердегі оқушылар қатысты. Науқанның басталуы туралы ата-аналар мен мұғалімдерге, оқушыларға «Назар салайық!» тақырбында жадынама таратылды. «Zoom» платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар қауымдастығымен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай өткізілген іс-шаралардың тиімділігі.
- Толығырақ
Баянауыл ауданына қарасты жалпы, негізгі білім беру мектептерінде «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай іс-шаралар өткізілді.
Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Жерді құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрете отырып, қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жердің табиғатын аялауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсатында мектеп ұстаздары мен оқушылары ерікті түрде «Таза бұлақ» акциясы негізінде ауылдың ортасынан ағып жатқан бұлақтың маңайын, «Таза мектеп ауласы»тақырыбында мектеп ауласын қоқыстардан тазалады.
Адам-табиғаттың ажырамас бөлшегі. Сондықтан оны қастерлеп, ластануына жол бермеу маңызды. «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы», «Қоршаған ортаны қорғайық», «Адам- табиғаттың досы» тақырыбында 1-8 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өтті.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
- Толығырақ
Рәміз - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Осы орайда Баянауыл ауданы бойынша 23 мектепте 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналған іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес аталып өтті. Аудан бойынша аталған іс-шараларға мектеп жанындағы лагердегі оқушылар қатысты. Жоспар бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, тіршілік болмысын, арман-мұратын, көршілес елдермен қатынасын білдіретін ерекше белгілер.
«Павлодар өңірінің көзтартарлық орындары – балалар көзімен» атты облыстық жобаны жүзеге асыру.
- Толығырақ
2021 жылғы 4-ші маусым күні Майқайың балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімінің оқушылары және ұстаздары «Павлодар өңірінің көзтартарлық орындары – балалар көзімен» атты облыстық жоба шеңберінде Торайғыр жеріне PLANNER ұйымдастырды.
Оқушылар Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі «Кемпіртас» жартасын және танымал қазақ ақыны, демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесін суреттеп бейнеледі. Бұдан бөлек кесене жанында орналасқан сақ қорғандарын көріп, тарихымен танысып қайтты.
Республикалық олимпиаданың жеңімпазы
- Толығырақ
2021 жылғы маусым айының 3-4 аралығында Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласында 8-сынып оқушылары арасында өткен «IQanat» республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Екі күнгі сынаққа республика бойынша 700 оқушы қатысты. Павлодар облысынан 40 оқушы, оның ішінде Баянауыл ауданынан 4 оқушы бақтарын сынады.
Нәтижесінде Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ерасыл Қасым Бейбітұлы математика пәні бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқушының жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Айжан Тілеужанқызы Қарабаева.
2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі жарияланды.
- Толығырақ
Баянауыл ауданынан «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Олар – олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары бар.
II кезең барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен, өңірлік тестілеу орталықтары базасында офлайн режимде өткізілді. Қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.
Сонымен қатар, II кезеңнің барлық қатысушыларына Елбасы Академиясының «Вirge Oqý» онлайн мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Онлайн мектепте еліміздің жетекші ұстаздары математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қосымша сабақтар өткізеді. Толық ақпаратты birgeoqy.kz сілтемесі арқылы білуге болады.