Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Жаңалықтар
Мейірімі мен қамқорлығын аямаған жандар
- Толығырақ
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Қазақстанда 2010 жылдан бастап 29 қазан күні «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтеді. Аталған іс-шараларға барлық жалпы орта білім беру мектептері қатысады.
Аталған іс-шараның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, әлеуметтік жетімдікті болдырмауға жұртшылықты тарту.
Әлеуметтік желілер арқылы «Қамқоршы күні» мерекесіне төмендей іс-шараларды концерттік бағдарламаны, құттықтауларды, отбасылық фотогалереяларды, спорттық жарыстарды, мақала жариялауды, мүшәйра (өлең шығаруды) қашықтықтан өткізді.
«125 бұйрықтың соңғы редакциясын және тоқсандық жиынтық бағалауды түсіндіру»тақырыбында аудандық онлайн жиналыс
- Толығырақ
2020 жылғы 27 қазан күні әдістемелік кабинеттің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаеваның қатысуымен «125 бұйрықтың соңғы редакциясын және тоқсандық жиынтық бағалауды түсіндіру, «Күнделік.kz» толтыру мәселелері» тақырыбында онлайн жиналыс өткізді.
Жиналысқа ауданымыздың әдіскерлері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бірінші сұрақты тілдер әдіскері Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова таныстырып өтті.
Екінші сұрақты әдістемелік кабинеттің басшысы Гүлнәзи Зейнолақызы Нұртаева егжей-тегжей талқылады.
Үшінші сұрақты дарынды балалармен жұмыс бойынша әдіскері Данияр Хамзаұлы Аюпов талқылап, түсіндіріп өтті. Туындап жатқан сұрақтарына жауаптарын алды.
«Daryn ecoart» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық байқауының жеңімпазы
- Толығырақ
Балалардың экологиялық білімін нығайту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан 1-6-сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық байқауын өткізді. Байқау екі бағыт бойынша өткізілді.
Үздік сурет бағытына 1-4-сынып оқушылары қатысты (6-10 жастағы топ). Әрбір қатысушы 5 суреттен тұратын экологиялық тақырыпқа, пейзаждар мен табиғатқа, туған өлкенің қоршаған ортасын сақтауға және ұқыпты қарауға арналған жұмыстар топтамасын ұсынды.
Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық кезеңдердің 4 жеңімпазы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Жанерке Борамбай III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Салтанат Рақымтайқызы Махамбетова.
Жүзден жүйрік, мыңңан тұлпар.
- Толығырақ
Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаевтың рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. 22 қазан күні 5-11-сынып оқушылары арасында VІІІ облыстық Мағжан оқулары онлайн өткізілді.
Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 53 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» тақырыбында Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында ІІ дәрежелі жүлдемен Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Алуана Манарбекова марапатталды. Жетекшісі: Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қали Толғанай Рымбайқызы.
Шаруашылық жөніндегі меңгерушілерге арналған аудандық семинар өтті
- Толығырақ
2020 жылғы 23 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық білім беру мекеме басшыларының шаруашылық жөніндегі меңгерушілерге «Білім беру мекемелерінде карантин кезінде өткізілетін іс-шаралар»тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға барлық білім беру мекемелерінен 29 адам қатысты.
Семинарда Баянауыл ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы Орман Түсіпов және Баянауыл аудандық тауарлармен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Рымгүл Макишева баяндама жасап, өз тәжірибелерімен ой бөлісті.
«Республикалық үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы
- Толығырақ
2020 жылғы 20 қазан күні «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы онлайн өтті.
Байқаудың мақсаты таңдалған пәндер бойынша оқу тәртібі, элективтік, арнайы курстарға, курстарға байланысты авторлық бағдарлама әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Байқауға педагогикалық тәжірибелері 5 жылдан кем емес, жұмыстары облыстық іріктеу кезеңінен өткен барлық типті және түрлі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.
Баянауыл ауданы бойынша бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша №2 Майқайың ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Юрьевна Коваль, эстетикалық бағыттағы пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық) бағыты бойынша Зейтін Ақышев атындағы ЖОББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова, сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік жұмыс (үйірмелер, секциялар) бағыты бойынша Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахимтаев 3 авторлық жұмыс ұсынылды.