banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында семинар өтті

         2022 жылғы 21 ақпан күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында пән мұғалімдерінің аймақтық семинары өтті.

         Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы аймақтық мектептерден 26 пәндерден сабақ беретін мұғалімдер семинарға қатысты.

         9-11 сынып оқушылар арасында «Көп қырлы ғалым» конференцияны (ақынның көсемсөз жанрынан жазылған мақалалары бойынша) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтыгүл Жақсыбайқызы Жасыбаева мен тарих пәнінің мұғалімі Келбет Бұқарбекқызы Жолдасбекова ұйымдастырды.

         «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі бойынша танымдық сабақты бастауыш сынып мұғалімдері Еркежан Шалғанбай мен Ермек Қарашорқызы Қарашорова өткізді.

         «Даналар кеңесі» зияткерлік ойынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекен Кәрімқызы Абылқасова өте жоғары деңгейде және қызықты өткізді.

         «Бұлбұл мен есек» театрландырылған көріністі «Жасұлан» ұйымының оқушылары           өткізді. Жетекшісі мектеп тәлімгері Айгүл Омарқасова. «Жетістікке жету» тақырыбында келген мұғалімдерге мектеп психологі Бақытгүл Нұриденқызы Нұриденова тренинг ұйымдастырды.

         «Мектеп кітапханасы жұмысының жаңа әдіс-тәсілдері»тақырыбында мектеп кітапханашысы Үміт Қазтайқызы Ақмолдина шеберлік сағатын өткізді.

       10-сынып оқушыларына «Негізгі ой қайда?» тақырыбында А.Байтұрсыновтың дана сөздеріне Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлдана Тұрсынбекқызы мен келген ұстаздарға «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы жаңа әдістер» тақырыбында Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Жанар Қуантайқызы Бекмағанбетова, «Пирамида тарихы» тақырыбында білім беру бөлімінің әдіскері Мәншүк Тынысқызы Шумақова шеберлік сабақтар ұйымдастырып өткізді.

         Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен білім беру бөлімінің әдіскерлері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова, Гүлжанар Қабдыкәкімқызы Кәрімова, Мәншүк Тынысқызы Шумақова қатысты.

       Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар өздеріне қажетті ақпараттарды семинардан алды.Семинар әлі де жалғасады.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"