banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Аудандық домбырашылар ансамбілінің байқауы өтті

 

 2022 жылғы 15 мамыр күні Майқайың  балалар өнер мектебінің базасында  Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында  аудандық домбырашылар ансамбль байқауы өтті.  

         Бұл байқау ауданымыздағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі домбыра сыныбының оқушылары арасында болды. Бүгінгі  байқауға  Қ.Кемеңгеров, Қ.Сәтбаев, Үшқұлын, Шадыра, М.Әуезов, Ш.Айманов, Ш.Шөкин, М.Ж.Көпеев, № 2 Майқайың   орта мектептері қатысты           Домбырашылар ансамбльдер байқауында қазылар алқасының төрағасы болып күй өнерін аса қадірлейтін, ардагер ұстаз, күйші Нұрғали Рахымғали Ниязбекұлы, комиссия мүшелері  Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Олжатай Мереке Жұматайұлы және Майқайың балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Серік Құштар төрелік жасады.
       Домбырашылар ансамбль байқауына қатысушылар жастық санаттары бойынша: кіші (7-10 жас) және үлкен (11-15 жас) топқа бөлініп бәсекеге түсті.
         Байқау қорытындысы бойынша кіші топтан  Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының домбырашылары  I орынды, ал үлкен топтан  М.Әуезов атындағы орта мектебінің домбырашылары I орынды жеңіп алды.

     Жоғарғы топтан Үшқұлын  және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы орта мектептерінің домбырашылары ІІ орын иеленсе, жоғарғы топтан Ш.Айманов және Қ.Кемеңгеров мектептерінің домбырашыларына ІІІ орын бұйырды.  Қатысушылар жаппай дипломдармен марапатталып, жүлдегер дайындаған  жетекшілер Алғыс хатпен марапатталды. 

 

11 05 2022 2

11 05 2022 2

11 05 2022 2

11 05 2022 2

11 05 2022 2

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"