Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Жаңалықтар
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс- шарасы туралы мәлімет
- Толығырақ
- Жарияланды 26.07.2019 06:48

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша жазғы лагерьлерде Парасаттылық мектептерінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Парасаттылық мектептерінің бірыңғай күніне» сәйкес 2019 жылғы шілденің 25-і күні Баянауыл аудандық балалар жазғы сауықтыру лагерінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты іс-шара өткізілді.
Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы жүріс-тұрыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыруға бағытталған құқықтық және адамгершілік тәрбие, олардың оң моральдік сапасын дамыту, соның ішінде шынайылық пен мейірімділікті және әділеттілікті қалыптастыру екендігін ескеріп, лагерь ұжымы аталмыш іс-шараны сапалы, әрі әсерлі ұйымдастыра білді.
«Әнші болар баламын»облыстық байқаудың жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2019 06:48

Павлодар облысының мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастырумен 2019 жылғы 15 маусым күні «Әнші болар баламын» атты көркемөнерпаз балалар шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты Павлодар облысындағы ауылдық аймақтарының балалары арасында балалар көркемөнерпаздық шығармашылығын дамыту және қолдау, сонымен бірге балаларды өнерге, көркемөнерпаздық шығармашылыққа баулу, олардың патриоттық сезімдерін, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру. Халық шығармашылық жанрларын насихаттау, жас таланаттарды жарыққа шығару.
Баянауыл ауданы бойынша Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектеп жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушісі Айару Талғатқызы Кенжетай осы байқауға қатысты. Байқаудың шарттары бойынша қатысушы 2 шығарма орындады. Вокалдық орындауда «Әжетай» мен «Тәй-тәй» халық әндерін жанды дауыста орындап берді.
«Бүлдіршін ХХ» облыстық іріктеу балалар шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 17.05.2019 06:48

2019 жылғы 16 мамыр күні Павлодар облысындағы М.Катаев атындағы «Оқушылар»сарайы базасында «Бүлдіршін ХХ» облыстық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі өтті. Бұл фестивальға қалалар мен аудандар бойынша білім мекемелеріндегі мектепалды даярлық тобы, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиеленушілері қатысты. Вокал (хор, жеке дауыс, халық және эстрадалық әндер), хореография (халық, эстрадалық және спорттық би), балалар оркестрі, көркем сөз (проза, поэзия, сахналық қойылымдар) бойынша іріктеу кезеңдерін өткізді.
Жаңашылдық әлемінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 17.05.2019 06:48

2019 жылғы 16-17 мамыр күндері Павлодар қаласындағы «Көлік және коммуникация» колледжінің базасында «Kazrobotics-2019» облыстық робототехника фестивалі өтті.
Аудан бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебі, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі, М.Ж.Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі қатысты. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінен 2 команда қатысты. «Шагающие роботы» атты бөлімінен жоғары сынып оқушылар арасынан 9-сынып оқушылары Нұртілек Мыңтай пен Әли Саяқ және «Эстафета» бөлім құрамында Нұрасыл Рахымтай мен Жанасыл Абдрахман командасы I орын алды. Кіші топ оқушылар арасынан 6-сынып оқушысы Райымбек Марат, 7-сынып оқушысы Ерхан Махмутов I орын, 5-сынып оқушылары Қасиет Баян мен Аян Ахмет II орынды жеңіп алды. Жетекшілері ағайынды физика-роботехника және информатика пәнінің мұғалімдері Данияр мен Асқар Хамзаұлы Аюповтар.
«Отбасы тәрбиесі- өскелен ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі»
- Толығырақ
- Жарияланды 16.05.2019 06:48

2019 жылғы 15 мамырда «Отбасы тәрбиесі- өскелен ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты: Отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершіліктерін және бала тоәрбиелеудегі рөлін арттыру.
Аудан бойынша жиналыс 26 мектепте өткізілді. Оған 1525 ата-ана, білім бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округтер әкімдері және жергілікті полиция инспекторлары қатысты.
Жиналыста негізінен 2019-2020 оқу жылында 1-сыныпқа балаларды қабылдау, ҰБТ-ді өткізуде енгізілген өзгерістер және жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану сияқты сауалдар көтерілді. Жиналыс барысында барлық көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
«Өртке қарсы қауіпсізідікті сақтау» тақырыбындағы оқыту семинары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 15.05.2019 06:48

2019 жылғы 15 мамыр күні №2 жалпы орта білім беру мектебінде «Өртке қарсы қауіпсізідікті сақтау» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинарды аудандық Білім бөлімі Павлодар қаласындағы «Кадрлардың кәсіптік біліктіліктерін арттыру» орталығымен бірлесе жоспарға сәйкес ұйымдастырды. Оқыту семинарына аудан бойынша 48 мектеп директорлары мен шаруашылық меңгерушілері қатысты.
Семинарды Михаил Николаевич өткізді. Алдымен «Өрт қауіпсіздігін сақтау»жөнінде теориялық білім берді. Теорияны тәжірибемен алмастырды. Мектеп директорлары көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын заңгер Артем Андреевич пен «Кадрлардың кәсіптік біліктіліктерін арттыру» орталық директорының орынбасары Жанара Таифқызынан алды. Түстен кейін барлық оқыту семинарына қатысқан мектеп директорлары мен шаруашылық меңгерушілері бақылау тест тапсырды. Алған баллдарына сәйкес куәлік табысталды.