Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Жаңалықтар
Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»
- Толығырақ
- Жарияланды 16.05.2018 08:48

Баянауыл ауданы 24 жалпы орта білім беру мектептерде 2018 жылғы 15 мамыр айында «Білімді ұлт –білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары,орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш –жігерлерін біріктіру.Бұл жиналыс «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтізілді және 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне арналды.
«Kedergisiz Qyzmet» жобасын іске асыру семинары
- Толығырақ
- Жарияланды 21.04.2018 08:48

2018 жылғы 20 сәуір күні Баянауыл аудандық білім бөлімнің мәжіліс залында Баянауыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алу» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты- электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алуға және негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру. Семинарға аудан бойынша 24 мектептен 42 информатика пәнінің мұғалімдері мен мектеп хатшылары қатысты.
Семинарды Баянауыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ернар Төлеутайұлы Кәрімов пен жаратылыстану-политехникалық бағыт бойынша әдіскер Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова өткізді. Семинардан кейін әдістемелік ұсыныстар берілді.
«Ойла» ақылды журнал
- Толығырақ
- Жарияланды 20.04.2018 08:48

Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Баянауыл ауданның 24 жалпы орта білім беру мектептеріне «Ойла» оқушылар мен ата-аналарға арналған қазақстандық ғылыми-көпшілік журналының бір жылдық басылымын қайтымсыз сыйға тарту жасады. «Ойла» журналы ай сайын шығады.
Оқушылар мен ата-аналарға арналған қазақстандық ғылыми-көпшілік журналы қазіргі таңда оқушылар үшін таптырмас құнды дүние. Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Кітапханашылардың өзара тәжірибе алмасу семинары
- Толығырақ
- Жарияланды 13.04.2018 08:48

2018 жылғы 13 сәуір Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің кітапханасында «Рухани жаңғыру- білім саласының жаңа көкжиегі»тақырыбында аудандық семинар өтті. Өзара тәжірибе алмаса отырып, кітапхана саласында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы барлық мектептерден 24 кітапханашы семинарға қатысты.
Семинарды мектеп кітапханашысы Гүлзайра Мұқатайқызы Сағынтаева өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдараламсы аясында мектеп кітапханасында өткізілген іс-шаралардың жолдары мен тиімділігі туралы ақпарат жасады.
Оқушының жетісігі
- Толығырақ
- Жарияланды 10.04.2018 09:55

Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Құндыз Манарбекова олимпиада жеңімпазы аттанды. Математика пәні бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған «Абай сыйы» республикалық олимпиадасының І кезеңі наурыз айының 20-31-і аралығында онлайн түрінде 85% ұпай жинап, ІІ кезеңге жолдама алды. ІІ кезеңі сәуір айының 7-і күні Университет базасында өтті. Олимпиадаға облыстар бойынша 54 оқушы қатысты. Осы дода оқушымыз Құндыз Манарбекова ІІ орынды иеленді, сонымен бірге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 50%-дық оқуына жеңілдік сертификатын ұтып алды.
Республикалық олимпиада жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.04.2018 09:55

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті базасында өткен Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың финалдық турынан өтіп, жоғары ғылыми деңгей көрсеткені үшін №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айзада Оралбаева Дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Баян Рақымжанқызы Шөкина.