banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Білім беру саласындағы өзара серіктестік пен ынтымақтастық жұмыстар барысы.

16 02 2022 1Баянауыл ауданының білім беру бөлімі мен Павлодар облысындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейі арасындағы әріптестік және серіктестік қарым- қатынастарды дамыту, білім беру саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамыту үшін өзара үш жақты Меморандум жасалды. Мақсаты: педагогика ғылымдарының жаңа жетістіктерін тәжірибеде қолдану.

       Меморандумның және Қазақстан Республикасы Заңнаманың, қағидалардың, нормалардың шарттарына сәйкес ақпарат тарату мен білім беру саласындағы шеберлік пен шығармашылықты арттыруды, білім беру ұйымдары жүргізетін іс – шараларды қолдаудағы ынтымақтастықты нығайтуға, ілгерілетуге, білім беру саласындағы жобаны дамытуға үлес қосуға келісім жүргізілді. Үш жақ өзара бекітілген жылдық жоспарға сәйкес бірнеше жұмыстар атқарады.

     Баянауыл ауданының білім беру бөлімі мен Павлодар облысындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейі арасындағы ақпараттық материалдар, өткізілген және ұйымдастырылған шаралар орталық сайттары мен әлеуметтік желілер арқылы насихатталады.

       Қазіргі таңда «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің ұжымдары 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындау, «Мың бала» ұлттық олимпиадасына дайындау, жас мамандармен, «Білім алушылардың білім оқу жетістіктеріне мониторинг» жұмыстары, әр түрлі тақырыптардағы семинарларды зум платформасы арқылы жүргізіп жатыр.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"