banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында инновациялық-әдістемелік қызметі жүзеге асыру жолдары.

   Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен технологиялық жағынан модернизациялау» тақырыбын басшылыққа алып жұмыс жасайды. Баянауыл ауданы бойынша әдістемелік кабинетте 9 әдіскер жұмыс атқарады.Әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева.

Әдістемелік кабинеттің басты мақсаты:педагогикалық ұжымдардың кәсіби құзырлығын көтеру және білім мекеме басшыларының, орынбасарларының білім теориясын дамыта отырып тәжірибемен ұштастыру.

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарттарын меңгеру және енгізу үшін білім беру ұйымдарына қолдау көрсету, оқу-тәрбиелік үдерісін басқару және ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық, оқыту-әдістемелік, білім беру талаптарын қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асырамыз.

Әдістемелік кабинеттің эксперттік-аналитикалық іс-әрекеті төмендегідей: оқу-тәрбие жұмыс жоспары, аттестатталушы мұғалімдердің жұмысы, пәндерді оқыту жағдайы, білім сапасы, біліктілікті арттыру курстары, әдістемелік бірлестік іс-әрекеттері, дарынды балалармен жұмыс, бастауыш пен орта саты сабақтастығы, психологиялық-педагогикалық зерттеулер, тақырыптық мониторинг, әдістемелік жұмыс рейтингісіне тоқталады.

Ресурстық орталық жұмысы пандемиялық шектеулерден кейін дәстүрлі форматта өткізілді. Жұмыстың басты мақсаты: қала мектептері мен ауыл мектептерінің білімін теңестіру, қорытынды аттестацияға  дайындық пен кәсіптік бағдар беру.

Әдістемелік қызметтің функцияларына: ақпараттандыру және электрондық оқытуды жүзеге асыру ,педагог қызметкерлерінің мәртебесі мен кәсіби шеберлігін көтеру, “Дарынды бала” бағдарламасын жүзеге асыру, эксперементалдық-инновациялық іс-әрекеттерді әдістемелік жетілдіру, кітап қорын жинақтау, кітапханашылардың жұмысын ұйымдастыру, дене шынықтыруда салауатты өмір салтына сауықтыру, спорттық-бұқаралық, әскери-спорттық шаралар ұйымдастыру мен баспа іскерлігі жатады.

Барлық пән әдіскерлері аудан мұғалімдеріміздің кәсіби шеберлігін жоғарлату және педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мақсатында үнемі біліктілікті арттыру жұмысына, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін байқау мен конкурстарға қатысуларын назарда ұстаймыз.

Эксперименталдық-инновациялық іс-әрекеттерді әдістемелік жетілдіруге тоқталатын болсақ, биылғы жылы ауданымызда Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты 2-сынып оқушыларымен информатика пәні және Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі 1-сынып оқушыларымен Әліппе оқулығына апробация бойынша эскперимент жұмысы жүргізілді.

Ауданымызда педагог қызметкерлерінің мәртебесі мен кәсіби шеберлігін көтеру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Соның дәлелі ретінде, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен «Педагогикалық шеберлік» орталығының тренерлерімен «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында көшпелі курстар мен семинарлар өткізілді.

Қала мектебі мен ауыл мектебінің білім сапасын теңестіру мақсатында өзара серіктестік жұмысы да іске асуда. Серіктестік жұмысы аясында үздік тәжірибені тарату арқылы тәжірибе алмасу, жаңа әдіс- тәсілдерді енгізуде ортақ мәселелерді шешуде ортақ ұстанымдар қалыптастыруда тренингтер, семинарлар , коучингтер мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Біз Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі,Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі,Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия, Екібастұз қалысндағы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейімен» өзара ынтымақтастық мақсатында ауқымды жұмыстар атқардық. Атап өтетін болсақ, десанттық сабақтар, алаңшалар, «Зум» платформасында семинарлар мен тәжірибе алмасу мақсатында вебинарлар өткізілді.

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі мен Павлодар педагогикалық Университетімен ынтымақтастық жұмысын жүргізу мақсатында педагогикалық сыныптар ашылды.

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтымен тығыз жұмыс жасаудамыз. «Балалардың жазғы демалысын рухани адамгершілік тұрғыда ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Білім бөлімінің әдістемелік кабинеті облысымыздың жоғарғы оқу орындарымен үнемі байланыс жүргізуде. Оның дәлелі ретінде аудандық оқуларды өткізу барысында әділ-қазылыққа жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары шақырылып отырады.

Ауданымыздың педагогтері үнемі аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқау мен конкурстарға қатысуда. Атап өтетін болсақ, биылғы оқу жылында аудандық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздар саны -37, облыстық деңгейде 23-ке көтерілді. Яғни биылғы жылы өсу динамикасы көтерілді.

Павлодар қаласындағы Инновациялық орталықпен бірлесе отырып бірнше жобаларды жүзеге асырдық. 2021-2022 оқу жылында ауданымызда «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім», « Ізгілік пен   парасат» , «Бақытты         бала» , «Оқуға құштар мектеп»,«Тіл тұғырым» , «Ауылдық мектептің үздік мұражайы»,«Ұстаздар аламаны», «Ізгілік пен парасат» іске асырылған жобалар. Аталған жобалардың идеясын іске асыру үшін жоспары құрылған. Іске асыру барысында мұғалімдерді нәтижелі білімденуге бағыттау, жетілдіру, инновациялар мен өзгерістер енгізуге жеткшілік ету ,өзіндік жұмыс және бірлескен жұмыс ,мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы, сыртқы қозғаушы фактор: пилот және бақылау мектептері ,оқытуды жақсарту меноқыту мен оқуға жетекшілік етеді.

Мұғалімдердің кәсіби байқауларында да жетістіктері аз емес. Биылғы жылы М. Әуезов атындағы ЖОББМ-нің басшысы Самал Сақтасынқызы Мәжитова «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, Шадыра ЖОББМ-нің математика пәнінің мұғалімі Айнаш Төлеутайқызы Оразбекова «Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен және ақшалай сыйақымен марапатталды. М. Әуезов атындағы ЖОББМ-нің кітапханашысы Гүлсім Маханқызы Қасымова Республикалық «Білгір кітапханашысы-2021» байқауында жүлделі І орын иегері атанды. Облыстық «Үздік психолог» байқауында №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің психологі Әсел Серікқызы Шайменова «Үздік эссе», Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің психологі Әмина Тұрдыбекқызы Шегебаева «Кәсіби шеберлік» номинациясына ие болды.№2 Майқайың ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баққайша Арғымбайқызы Жетмекова облыстық «Педагогикалық шеберлік» байқауында І орын, №2 Майқайың ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қуанышқызы Тонтаева ІІ орын иегері атанды. Ш. Айманов ат. ЖОББМИ-ның география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахымтаев облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық «Үздік оқу-әдістемелік құрал» атты байқауда Ш. Айманов ат. ЖОББМИ-ның логопеді Айнұр Уахитқызы Багимбекова І орын иегері атанса, №2 Майқайың ЖОББМ-нің педагог-психологі Татьяна Нефельд жүлделі ІІІ орынға ие болды.              Ш. Шөкин ат. ЖОББМ-нің тәлімгері Жадыра Зарқынқызы Қошланова облыстық «Жыл тәлімгері» байқауының ІІ орын жеңімпазы атанды.

Облыстық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты байқауға «Майқайың кенті сәбилер бақшасының» психологі Лашын Борог қатысты, 2022 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында үшінші тур өтеді.

Облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» атты байқауға «Майқайың кенті сәбилер бақшасының» әдіскері Жанар Сембайқызы Игубаева қатысты. Облыстық байқаудың нәтижесі мұғалімдердің тамыз кеңесінде жарияланады.

Оқушыларымыз жалпы білім беретін пәндерден Халықаралық, Республикалық және облыстық байқауларында қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Ерасыл Серік «Елбасы медалімен» марапатталды.

Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасында 15 оқушымыз жеңімпаз атанды. Олар: Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Нұртуған Қабиден, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Жансая Садық, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Санжар Идрисов, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Айару Қалиасқар, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Жантөре Орымбай, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы Абзал Бөкенбай, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Асхат Рахимов, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Инжу Серикова, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Аяжан Зияда, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Каусар Канатова, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Айқын Ғайнолла, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Ботагөз Түсіпова, Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Әділжан Сапар, Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Қайыржан Қабыкен, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Арын Абилов.

         Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Зейнолла, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Диана Дүйсен, Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Ильнар Маненова мен 6-сынып оқушысы Аяулым Айтжанова, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айдана Қайыржан, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Нұралы Исабек, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Нұрғалым Байшүкір         “Тәуелсіздік ұланы” сыйлықақысының иегерлері.

       30 мамыр күні Нұрсұлтан қаласында өткен Дүниежүзілік ХІХ жазғы Гимназиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтың салтанатты марапаттау рәсімінде қатысып келген Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Дихан Шайқыбеков болды. Дихан Бүкіл әлемдік жазғы гимназиадада Республика намысын қорғап бокстан ІІ орын иегері атанып, Павлодар облысы Ертіс-Баян өнірінің атын асқақтатты.

       Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысыФатима Хайролла Республикалық «ProEco» конкурсының ІІ орын, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Ернұр Қанаш Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ІІ орын,Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Райымбек Марат Республикалық «KazRobotics» конкурсында ІІ орын, Республикалық І. Жансүгіров оқуларында Ж. Аймауытов атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Айсәуле Шәкен І орын, Республикалық М. Ж. Көпейұлы оқуларында №2 Майқайың ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Аяна Тілеубергенова І орын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Ернар Назымхан Халықаралық «Roboland 2021»робототехника фестивалінде   ІІІ орын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Жәнібек Марат «Зерде» Республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Бас Жүлде» иегері атанды.

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына қатысып, Кенен Әзірбаев атындағы арнайы 
жүлдесімен және көрсеткен өнері үшін алғыс хатпен, Облыстық Шоң би оқуларында «Мүшәйра» секциясы бойынша Бас жүлде иегері Баянауыл балалар өнер мектебі мен
Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбаев аттанды.

         Майқайың балалар өнер мектебінің оқушысы Айсу Бектұрсынова Республикалық «Берекелі алтын күз» атты балалармен жасөспірімдер байқауының І орын иегері, Майқайың балалар өнер мектебінің оқушысы Ермекбай Айым «Күз береке» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық аспаптар номинациясы бойынша байқауында І-орын , Сатыбалдина Аружан «Серпер» қашықтықтан Республикалық аспаптар байқауы І орын, Орал Маржан балалар өнер мектептері оқушылары арасында Музыкалық-теориялық пәндері бойынша VІІІ Республикалық Олимпиадасында Сольфеджио номинациясы бойынша ІІ орын, «Айналайын» үлгілі би ұжымы кіші топ «Gulnar fest» атты Халықаралық фестиваль Бас жүлде, «Айналайын» үлгілі би ұжымы үлкен топ "Superstars" атты Халықаралық фестиваль ІІ орын,

Қабдынасыр Аружан Ашық Сәндік қолданбалы өнер номинациясы бойынша «Менің таңғажайып әлемім» атты Республикалық байқау І орын мен Оразгалиева Айзере мен Серік Дильназ ІІ орын , Сатыбалдина Аяжан, Мендібаева Махаббат ІІІ орын, Рамазанов Азамат «Серпер» атты Республикалық фестиваль байқауына І орын, Тлеубекова Динара, Макажанова Айша ІІ орын, Әлішер Талқайрат 2021-2022 оқу жылында Халықаралық «Қазақстан таланттары» атты Қазақстан-Ресейлік жоба көп жанрлы фестиваль, балалармен жасөпірімдер шығармашылығы байқауында   І орын иегері. Алдияр Дулат ХІІІ Республикалық «Ұлы елдің таланттары» жыр-күй жасөспірімдер мен балалар арасындағы өнер байқауына қатысып жүлделі І орын иегері атанды.

       Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің оқушысы Айзара Байкетаева VIII Халықаралық “Өнер арқылы өмірге” атты балалар шығармашылығының “Игі іс” жыл тақырыбы бойынша лауреат атанды. Муслима Берікбайқызы  Қазақстан Реcпубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Мы-будущее нашей страны!” атты республикалық сурет конкурсында I орын, Райан Әділхан Халықаралық «Arte italiana» конкурс-фестивалінде II орын,       Халықаралық «Мир талантов» конкурсында Аружан Имантай мен Роза Сембай Бас жүлде. Райан Әділхан – I орын, Лунара Амангелді – I орын, Халықаралық көпжанрлы «Mega fest» конкурсында «Solis» би тобы (екінші жас санаты) – I орын, Инсар Темірболат (эстрадалық вокал) - I орын, Амаль Мұзапарова (эстрадалық вокал) – I орын, Арай Әділхан (фортепиано) – II орын. Райан Әділхан (эстрадалық вокал) - I орын, Халықаралық көпжанрлы «Pavlodar music festival» конкурс-фестивалінде Есімхан Бекмұрат (вокал) – Бас жүлде, Жанерке Жантелиева - I орын, Назерке Сұңғатбек пен Акгүл Сәбитова Бас жүлде, Нұрбақыт Жұмат – I орын, Халықаралық көпжанрлы «STAGE STAR» атты конкурсында Жансая Хален – бас жүлде, Томирис Амангелді – I орын, Лунара Амангелді - II орын, Райан Әділхан – II орын, Арай Әділхан – II орын, Халықаралық « XX International Europe an contest – festival Germany-Kazakhstan» конкурсында Нұрбақыт Жұмат – Бас жүлде, Ділнәз Сәден, Ақерке Бауез – I орын, Назерке Сұңғатбек– II орын, ІІ Халықаралық «Euro Stars»фестивалінде Аружан Имантай – 1 орын, Нурикамал Қасен – 3 орын, Халықаралық «Жұлдызға қадам» конкурсында - I орын және тегін қатысу сертификаты, Республикалық «Думанды елім» өнер байқауында Райан Әділхан - I орын, Роза Сембай – I орын, Халықаралық «X International art contest – festival “Euro Stars Germany-Kazakhstan project» конкурсында София Андрианова, Әдия Қанат, Ясмин Темірболат – I орын, Амаль Мұзапарова – II орын, Халықаралық «Talents of Kazakstan» конкурсында Есімхан Бекмұрат – I орын, «Solis» би тобы «Ғажайып қарлығаштар» сайысында орта топ - I орын, орта топ- I орын, үлкен топ – II орын, Халықаралық «Shine star» көпжанрлы конкурсында «Сырлы әуен» вокальды тобы – Бас жүлде, Ақгүл Сәбитова– Бас жүлде, Нұрия Серік – II орын, Нурикамал Қасен, Жанерке Жантелиева - II орын иеленді.

"Шоң би оқулары" облыстық байқауында «Тест сұрақтары» секциясында С. Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Құдайберген Дарина Бас жүлдені, «Эссе жазу» секциясында  Қ. Кемеңгеров ат. ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Әбыләш Ақжарқын І орынды жеңіп алды.

       Павлодар қаласында мектепке дейінгі, мектеп оқушыларының арасында Евразия Университетімен робототехника федерациясын дамыту «ROBOPOLIS -2022» чемпионаты өтті. 14-18 жас аралығында өткен СУМО категориясы бойынша қатысқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Марат Райымбек пен 8-сынып оқушысы Баян Қасиет І орынды иеленсе, 11- сынып оқушысы Тұранәлі Лаура мен 10-сынып оқушысы Махмутов Ерхан жүлделі ІІ орынды қанжығаға байлады.

10-14 жас аралығында өткен осы категория бойынша қатысқан 6-сынып оқушысы Казтаев Қазбек пен 5-сынып оқушысы Назымхан Ернар І орын алып жеңімпаз атанды.

Бұл командалық жарыс болғаннан кейін топтағы 11-сынып оқушысы Тұранәлі Лаура «оза шауып, бәйге алды». Жарыстың соңғы кезеңінде топ жарған Лаурамыз Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің       AITI саласы бойынша грант иегері атанды.

     2021-2022 оқу жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде география пәнінен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысыАйша Досова мен ағылшыын тілі пәнінен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысыӘйгерім Жүсіпова жүлделі 3 орынды иеленді.

Сая Тұрысбекқызы қазақ тiлi және әдебиетінен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректор грантының иегері, Еламан Данияр, Аябек Серік, Мадияр Төлеубай Павлодар мемлекеттік университетінің грант иегерлері.

         Облыстық сырттай оқу мектебінің  рейтинг олимпиадасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Баянсұлу Бекен ІІ орын , 8-сынып оқушысы Сәния Нұрпейіс математика пәнінен ІІІ орын жеңіп алды.

       8 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану және биология, химия, физика, география)       «Жас кемеңгер» мектебі олимпиадасы өтті. Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Айару Қалиасқар мен 6-сынып оқушысы Мансұр Айтпай І орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы физика пәнінен Ясмин Нұржанқызы І орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы биология пәнінен Нұрсая Сәрсенбай ІІ орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Нұрия Серік ІІІ орын иеленді.

       9-11 сынып оқушылары арасында көптілділік бойынша облыстық олимпиадасында №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Әйгерім Жүсіпова І орын иеленді.

ХХІІІ облыстық Абай оқуларында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қуат Қуан ІII орын, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Ж. Аймауытов атындағы ЖОББМ 11- сынып оқушысы Айсауле Шәкен ІI орын, «Ұлылар әлемі» бағытында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ділназ Мұхтарова ІI орынмен марапатталды.

     «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңінде Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Альмира Ермекқызы ІІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде «Тақырыптық айтыс» бағытында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10- сынып оқушысы Қапаш Мирас І орынды, «Қайым айтыс» бағытында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы МейіржанБаршынбай Бас жүлдені алды.

5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Данель Ілдебаева,  қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәнінен К. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Қанағат Қабдолла және Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы   Айтқали Жұмаділов ІІІ орынды иеленді.

2-4 сынып оқушыларына арналған VIII облыстық математикалық турнирінде М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4- сынып оқушысы ДианаСмайловаІІІ орын алды.

5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9- сынып оқушысы Ернұр Қанаш ІІІ орын, Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 6- сынып оқушысы Алима Айдрахметова ІІІ орын,М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8- сынып оқушысы Фатима Хайролла І орын,З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Толғанай Нұрбекқызы ІІ орын, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп- интернатының 7-сынып оқушысы Нұрсая Сәрсенбай ІІ орын,Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 5- сынып оқушысы Әлішер Арыстан ІІ орын жеңіп алды.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып жүрген Спорт тарландары бар.

         Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары  Іңкәр мен Инабат Балтабек –  2019,2020 оқу жылдарында Қырғызстан Республикасында өткен Халықаралық үстел теннис жарысында жүлделі орынға ие болған, 2021-2022 оқу жылында Республикалық қыздар арасындағы үстел теннисінен 3-орын иегерлері, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы Әділ ЖанболатХІХ Республикалық турнирда грек-рим күресінен ІІ орын иегері, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы Әділ Жанболат Республикалық грек-рим күресінен ІІІ орын, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Нұрболат Нәби Республикалық грек-рим күресінен ІІІ орын, Бахыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы АқботаҚуанышқызы «Балалар жылына» арналған Республикалық турнирде үстел теннистен 1 орын иегері, Бахыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Зейнолла  «Балалар жылына» арналған Республикалық турнирде үстел теннистен 2 орынға ие болды, Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Марат Мирас пен 4-сынып оқушылары Жәнібек Беріков, Ернат Олжабек  асық атудан Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орын иеленді.

     Павлодар қаласында №25 жалпы орта мектеп базасында 5-6 сынып оқушыларының арасында мектеп лигасы өткізілді. Жалпы Баянауыл құрама командасы І орынды иеленді.

1.Байшүкір Нұрғалым- С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

2.Мешітпай Баққұс-С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

3.Жасқайратов Бекболат-С.Торайғыров ат.ЖОББМ-нің 6-сынып.

4.Есжан Нұртан- С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

5.Төкен Бекзат- С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

6.Егінтай Ерназар- С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

7. Марат Ералы- С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

8.Айтмұхаммет Арлан- С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6-сынып.

      Қазақстан Республикасының «Рәміздер күніне» арналған облыстық «Ту ұстаушылар» байқауында Баянауыл ауданының командасы ІІ орын иеленді. Жеңімпаз атанған Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушылары  

Өмірзақ Нұрдәулет, Есмақай Әлихан, Қабжу Ерген.

     Павлодар қаласында волейболдан 2010-2011 ж.т. оқушылар арасында облыстық чемпионатында Баянауыл құрама командасы ІІ орын иеленді. Жеңімпаз атанған мектептер С.Торайғыров атындағы ЖОББМ, Шапық Шөкин атындағы №2ЖОББМ, Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ.

1. Асқар Еламан –Ш.Шокин ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

2. Амантай Нурислам –Ш.Шокин ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

3. Амантай Муслим –Ш.Шокин ат. ЖОББМ-нің 4 сынып.

4. Амантай Абдурахим –Ш.Шокин ат. ЖОББМ-нің 3 сынып.

5. Совет Жансерик –Ш.Шокин ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

6. Айдаров Муслим –Ш.Шокин ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

7. Теміртай Қайсар – Ә.Марғұлан ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

8. Болайт Естай – Ә.Марғұлан ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

9. Айтмухаммет Арлан –С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

10. Мешитбай Баққұс – С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

11.Жасқайратов Бекболат –С.Торайғыров ат. ЖОББМ-нің 6 сынып.

       Павлодар қаласында «Қазақ күресі» 2021-2022 оқу жылында оқушылар арасында ХХVIII облыстық жазғы спартакиадасында Баянауыл ауданының құрама командасы жалпы есепте І орын иеленді. Жеңімпаз атанған мектептер Шадыра ЖОББМ, Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ.

1.Болат Нұрбол-Шадыра ЖОББМ-нің 9 сынып.

2.Дулат Нұрасыл- Шадыра ЖОББМ-нің 9 сынып.

3.Жақтай Мақсат- Шадыра ЖОББМ-нің 10 сынып.

4.Сәрсенбай Дамир-Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып.

5. Айдаболов Дамир- Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып.

6. Амангелді Әділ- Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып.

7. Амантай Мұхаммед- Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ-нің 9 сынып.

       Әдістемелік кабинеттің әдіскерлері облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» байқау-конкурсына жыл сайын қатысып келеді. 2016 жылы- ІІІ орын, 2017 жылы- ІІ орын, 2021 жылы Сертификат иеленді. Облыстық байқаудың нәтижесі мұғалімдердің тамыз кеңесінде жарияланады.

 

 

07 06 2022 3

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"