banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Қолдайық ауыл мектебін!» атты республикалық әлеуметтік акциясы

    С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебіне Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Қолдайық ауыл мектебін!» атты республикалық әлеуметтік акциясымен келді. Акцияның мақсаты-Назарбаев Зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу, ауыл мектебіне әдістемелік, материалдық қолдау көрсету.

   Акцияның ашылу барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Гүлнәз Эндуаровна Жукенова Назарбаев Зияткерлік мектептердің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен соңғы жаңалықтарымен бөлісті және ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

   Мектепке 100 дана бөлме гүлдерін, кітапханаға «Рухани Жаңғыру» бұрышын, «Bookcrossing» акциясы негізінде 278 кітаптар, 5 волейбол, 5 баскетбол, 5 футбол добын, 3D принтерін сыйға тартты.

   Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Айман Рахымжанқызы Ибраева ұстаздармен шеберлік сабақ өткізсе, бейінді – эксперименттік ісі жөніндегі директордың орынбасары Арслан Жастілекұлы ата-аналармен конференция өткізді. Сонымен қатар, 8-9 сынып оқушылары арасында «Креатив тартыс» сайысы, 4-сынып оқушыларымен Робототехника курсы бойынша роботтар жинаудан шеберлік сабақ, кубик-рубик жинау шеберлік сабағы, 10-11 сыныптар аралығында кітапханада «Book Bingo»,«Book taste», «Әдебиет джемі» бойынша кітап оқуға ынталандыру ойындары өтті.

   Акцияның соңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

   Осындай тосын сый жасаған Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына мектеп оқушылары мен ата-аналары, ұстаздар атынан мың алғыс рахмет айтамыз. Еңбектеріңіз жаңа берсін!

 

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"